Білім министрі мектептердің латын қарпіне қашан көшетінін айтты

Білім министрі мектептердің латын қарпіне қашан көшетінін айтты

ҚР Парламенті Сенатынан тыс дәлізде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша қазақ тілінің латын әліпбиіндегі қателіктерді түзету жұмысы әлі жүргізіліп жатыр деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Министр қазір ҚР Мәдениет және спорт министрлігі әліпбидегі кемшіліктерді жоюмен айналысып жатқандығын атап өтті.

- Пилоттық жоба болған соң түзетулер енгізіледі, ол сол үшін де пилоттық жоба, соны сүзгіден өткізіп тұжырымдар жасалады. Әрі қарай оны жетілдіре түсу үшін Мәдениет және спорт министрлігіне бұйрық берілді. Олар жұмысты аяқтаған соң біз емле ережесін, жалпы әліпбидің өзімен жалпы жұмыстар жүргіземіз, - деп түсіндірді ол.

Аймағамбетов әзірге мектеп оқушылары жаңа әліпби бойынша оқытылып жатпағанын да айтты.

- Президент әліпбиді пысықтауды бұйырды. Әзірленген және бекітілген қолда нұсқа жоқ, сондықтан 2020 жылы біз мектептерде латын қарпімен оқи бастаймыз деп айтуға негіз жоқ, өйткені бұл ұзақ процесс. Алдымен оны мақұлдау керек, содан кейін емле ережелерін түземіз, содан соң пилоттық жоба қолданысқа беріледі. Міне, содан кейін ғана біз тиісті дайындыққа кірісеміз, содан кейін ғана оқу-әдістемелік құралдар шығарыла бастайды. Бұл өте ауқымды жұмыс, соның бәрін тындырғаннан соң ғана латын әліпбиін мектептерге енгіземіз, - деп сөзін түйіндеді министр. 

Толығырақ: zakon.kz