Білім туралы барлық қажетті мәлімет «Bilim» сервисінде қолжетімді

Білім туралы барлық қажетті мәлімет «Bilim» сервисінде қолжетімді

Елде ыңғайлы және сенімді «Bilim» ақпарат көзі іске қосылды. eGov Mobile мобильді қосымшасындағы қолжетімді жаңа сервис білім туралы барлық қажетті ақпаратты бір платформада ұсынады.

«Bilim» - бірнеше бөлімдерден тұрады, онда білімі, оқуды аяқтауы туралы цифрлық құжаттары, қорғаншылық және қамқоршылық туралы ақпарат, баланың профилі және білім алушы туралы қосымша ақпарат қамтылған. Сондай-ақ сервисте қолданушыларға білім беру ұйымдары мен қолданушы арасындағы шартқа ЭЦҚ арқылы қол қоюға мүмкіндік берілген», - деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.

Атап өтейік, бұл сервиске өту үшін eGov Mobile қосымшасында «Bilim» бөлімін таңдау қажет.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ