Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!   Бұл ерекше мереке. Біз тұрақтылықты сақтау және ортақ мақсаттарға жету үшін бірліктің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.   Қоғамның, бүкіл республиканың әл-ауқаты әрқайсымызға байланысты. Бірлескен еңбек, өзара түсіністік, сыйластық, құрмет – бұл бүкіл елдің гүлденуі мен дамуының кепілі.   Білім мен ғылым жүйесін дамыту үшін де бірлік өте маңызды.   Әсіресе бірлескен жұмыс және тәжірибе алмасуға дайындық білім мен ғылымның дамуына және сапасын арттыруға оң әсер етеді.   Министрлік қызметкерлері, педагогикалық, ғылыми, ата-аналар және сарапшылар қауымдастығы бірігіп, республика бойынша білім және ғылым саласын дамыту үшін өз үлестерін қосып келеді.   Бүгінгі мейрамда әр шаңыраққа амандық, денсаулық, береке, бірлік тілеймін! https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219991362670655/?d=n 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ