Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тарихшы, ғалым, профессор Талас Омарбековтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тарихшы, ғалым, профессор Талас Омарбековтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Белгілі тарихшы, ғалым, педагог, профессор Талас Омарбековтің өмірден озғаны туралы туралы суыт хабар жетіп, көңілді құлазытты.   Еңбек жолын орта мектепте мұғалім болып бастаған Талас Омарбекұлы өмірін тарихты оқытуға және отандық ғылымды дамытуға арнады.   Талас Омарбекұлы біздің есімізде көрнекті тарихшы, егемен Қазақстан тарихының қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан ғалым-академик және жүздеген қазақстандық студенттермен білімімен бөліскен оқытушы, профессор ретінде қалады.   Талас Омарбекұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын.   https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219374189321707/?d=n 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ