БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ҚЫЗДАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ҚЫЗДАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін әлемде ғылымдағы әйелдер мен қыздар күні атап өтілуде.   Қазақстандық ғылым саласында 10 мыңға жуық әйел бар. Олардың 714-і ғылым докторы, 2427 әйел – ғылым кандидаты, 992-сі – PhD докторы, 28-і – бейіндік докторлар.   Осыншама нәзік жандар ғылым саласында тынымсыз еңбек етіп жүр.   Жыл сайын ғылымдағы әйелдер саны артып келе жатқанына қуаныштымын.   Бүгінде олар еліміздегі жалпы ғалымдар санының 54%-ын құрайды.   Коронавирус пандемиясымен күрес кезінде ғалым әйелдер аянбай еңбек етті.   Мысалы, Закарья Күнсұлу Дальтоновнаның басшылығымен Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында COVID-19-ға қарсы қазақстандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасы дайындалды.   Ғылымдағы нәзік жандарды халықаралық мерекемен құттықтаймын.   Отандастарымыздың өмірін жақсарту үшін және еліміздің ғылым саласын дамытуда атқарып жүрген баға жетпес қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын.   Биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспін!   https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219656982311355/?d=n 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ