«BilimCenter белсенді білім алушысы» республикалық байқауы

«BilimCenter белсенді білім алушысы» республикалық байқауы

Байқау туралы ереже
 «BilimCenter белсенді білім алушысы» республикалық байқауы
Байқау мерзімі: 02.12.2021 – 25.02.2022

Бас жүлде: Apple iPhone 11 смартфоны

1. Байқаудың жалпы ережелері:

1.1 Атауы – «BilimCenter белсенді білім алушысы» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы (бұдан әрі – Байқау);
1.2 Байқау Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаты:

2.1 Білім алушылардың функционалды сауаттылығын арттыру;
2.2 BilimCenter цифрлық білім беру порталында педагогтер мен білім алушылардың жұмыс белсенділігін арттыру.

3. Байқауға қатысушылар:

3.1 Байқауға https://bilimcenter.kz/ платформасында тіркелген және оны пайдаланатын Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының білім алушылары қатыса алады;
3.2 Байқауға қатысу ТЕГІН;
3.3 Ұйымдастырушылармен ортақ үлесі бар тұлғалар Байқауға қатыса алмайды.

4. Байқауды өткізу форматы мен тәртібі:

"BilimCenter белсенді білім алушысы” номинациясы бойынша іріктеу критерийлері:

4.1 онлайн-тестілеуге қатысу;

4.2 білім алушылардың тест нәтижесі (үш бағыт бойынша максималды балл көрсеткіші).

*Бірнеше қатысушы бірдей балл жинаған жағдайда, тест тапсыруға жұмсаған уақыты есепке алынады. 

5. Байқау шарттары:

  • функционалдық сауаттылық бағыттары бойынша курстардан өту;
  • онлайн тест тапсыру.

Байқау шарттары Байқау жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Назар аударыңыз! Байқауды ұйымдастырушылар барлық талаптың орындалғанын тексереді.

6. Жеңімпаздарды марапаттау:

  • Байқау нәтижелері BilimCenter платформасы мен BilimLand экожүйесінің ресми парақшаларында  жарияланады;
  • Жеңімпаздарды марапаттау онлайн форматта жүзеге асырылады;
  • Жеңімпаз дипломымен білім алушы, сонымен қатар оның оқитын білім беру ұйымы марапатталады.

7. Байқаудың бас ұйымдастырушысы:

  • «BilimLand» компаниясы.