«BilimCenter белсенді педагогі» республикалық байқауы

«BilimCenter белсенді педагогі» республикалық байқауы

Байқау туралы ереже
«BilimCenter белсенді педагогі» республикалық байқауы
Байқау мерзімі: 02.12.2021 – 25.02.2022

Бас жүлде: 500 000 теңге

1. Байқаудың жалпы ережелері:

1.1 Атауы:«BilimCenter белсенді педагогі» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы (бұдан әрі – Байқау).
1.2 Байқау Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізіледі

2. Байқаудың мақсаты:

2.1 BilimCenter цифрлық білім беру порталында педагогтердің жұмыс белсенділігін арттыру.

3. Байқауға қатысушылар:

3.1 Байқауға https://bilimcenter.kz/ платформасын дәстүрлі және қашықтан оқыту форматында электрондық оқу құралы ретінде пайдаланатын Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарының  педагог мамандары қатыса алады.
3.2 Байқауға қатысу ТЕГІН;
3.3 Ұйымдастырушылармен ортақ үлесі бар тұлғалар Байқауға қатыса алмайды.

4. Байқауды өткізу форматы мен тәртібі:

"BilimCenter белсенді педагогі” номинациясы бойынша іріктеу критерийлері:

4.1. курс мазмұнын игеру көрсеткіші (75%-тен жоғары) 
4.2. курс мазмұнын игеруге жұмсалған уақыт (ұсынылған уақыт – 30 күн) 
4.3. онлайн-тестілеуге қатысу (тек бір мүмкіндік нәтижесі бойынша)
4.4. онлайн-тест нәтижесі (бағыт бойынша)*

*Бірнеше қатысушы бірдей балл жинаған жағдайда, тест тапсыруға жұмсаған уақыты есепке алынады.

5. Байқау шарттары:

  • функционалды сауаттылық бағыты бойынша курстан өту;
  • онлайн тест тапсыру.

Байқау шарттары Байқау жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Назар аударыңыз! Байқауды ұйымдастырушылар барлық талаптың орындалғанын тексереді.

6. Жеңімпаздарды марапаттау:

  • Байқау нәтижелері BilimCenter платформасы мен BilimLand экожүйесінің ресми парақшаларында жарияланады.
  • Жеңімпазды марапаттау және диплом мен 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты табыстау онлайн форматта жүзеге асырылады.
  • Жеңімпаз дипломымен педагог, сонымен қатар оның қызмет атқаратын білім беру ұйымы марапатталады.   

7. Байқаудың бас ұйымдастырушысы:

  • «BilimLand» компаниясы.