BilimLand – білім берудің жаңа мазмұны

BilimLand – білім берудің жаңа мазмұны

Жаңа оқу жылында Bilim Media Group дербес оқыту компьютер-планшеті болып саналатын BilimBook құрылғысын ұсынады. Бұл компьютер-планшеттің мазмұны (контенті) 40 000-нан астам интерактивті сабақтан, миллионнан аса видеоанимациядан, 30 000-нан аса тест сұрағынан тұрады.

BilimBook – сыныпта да, үйде де пайдалануға ыңғайлы, оқушының  танымдық деңгейін арттырып, зейіні мен бейімін шыңдайтын бірден-бір оқыту құрылғысы. Басты мақсат – қала мен ауыл баласы арасындағы цифрлық білім алуды теңестіру.

Бұл құрылғы Қазақстан мектептеріне интерактивті оқытудың жаңа сатысына көтерілуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, біз жақын арада twig-bilim.kz видеосабақтар ресурсын ұсынғалы отырмыз. Бұл білім беру кешені мектеп бағдарламасына енген химия, физика, биология және жаратылыстану пәндеріне арналған қызықты 1500 қысқа фильмнен тұрады. Фильмге арқау болған деректер әлемге танымал ВВС және NASA студияларының мұрағаттарынан алынды. Әр фильмге қосымша оқыту материалы ретінде иллюстрациялар мен диаграммалар, кестелер мен интерактивті тапсырмалар берілген. Аталған инновациялық платформа 19 тілге аударылып, 70-тен астам елдің білім беру жүйесіне енген. Тіл үйрену үшін де қолайлы платформа 2012-2017 жылдар аралығында бүкіләлемдік білім беру технологиялары көрмесінде (BETT) қатарынан үш рет үздік атанды.

Биылғы жылы «Виртуалды зертхана» симуляторлары мобильді құрылғылармен үйлесімді HTML 5 негізінде қайта жасалып, жұмыс істеу жылдамдықтары артып, дизайны жаңарды. iMektep пен iTest-тің де дизайны жаңарды, мобильді құрылғыларда қолданылуы жақсарды. iMektep-тің сабақтары тартымды, көрнекті, қызықты бола түсті.

Тағы бір жаңалығымыз – bilimland.kz «Аудиохрестоматия» деп аталатын жаңа ресурспен толықты. Аудиохрестоматия ­– шетел және орыс әдебиетінің классикалық туындылары мен әлем халықтары фольклорын қамтыған жаңа ресурс.

Вilimland.kz платформасы – барлық жастағы балаларды оқытуға арналған курстардың жиынтығы ғана емес, жаңа заман мұғалімі мен оқушыға арналған көмекші.

BilimLand-пен бірге білім шыңына, арман асқарына бірге қанат қағайық!