BilimLand порталы “Мирас” мектебінде

BilimLand порталы “Мирас” мектебінде

4 және 12 ақпан күндері BMG компаниясының мамандары Алматы қаласындағы Мирас мектебіне барып мұғалімдермен кезекті кездесуін өткізді. Кездесу барысында BilimLand порталының ресурстары кеңінен талқыланып, оқу үрдісінде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Бұл кездесудің басты мақсаты біздің білім сайттарымызда орналасқан оқу материалдарын мұғалімдердің белсенді қолдану жолдарымен тығыз байланысты болды.

Bilim Media Group компаниясының мамандары алдарына екі үлкен міндет қойды:

1. Сайтпен таныстыру, яғни белсенді қолданушыларға сайт навигациясының қыр-сырын түсіндіру.

Навигация дегеніміз не? Навигация – порталды құрастырушылардың ең маңызды критерийі, қолданушының сайтта адасып кетпейтінінің кепілі, қажет нәрсесін тез және оңай тауып алатынының құралы. Сондықтан навигацияны барынша ыңғайлы жасап мұғалімдердің сайттың әрбір бөлігінде орналасқан қызық та пайдалы материалдарды оқытудың қосымша құралы ретінде пайдалануына жол ашып отырмыз.

2. Мұғалімдерге аккаунттарын активациялауға көмектесу.

Бұл қалай жүзеге асады? Аккаунтты активациялау – бұл сайтта тіркелгеніңізді растайтын үрдіс. Мұғалім BilimLand.kz сайтына жазылғаннан кейін, компаниядан аккаунт (логин және құпиясөз) алады, сонан соң оны растау керек, тек осы қадамды жасағаннан кейін мұғалім ресурстарды толық қолдана алады.

Біздің ойымызша тренинг тамаша көңіл-күймен, жағымды жағдайда өтті. Ұсынылған ресурстардың әртүрлілігі тыңдаушылардың тек қана қызығушылығын оятты. Мұғалімдер өздеріне қажет кеңестер алып, өзекті сұрақтарына жауап таба алды деп сенеміз. Кездесу барысында қойылған мұғалімдердің сұрақтарын келтіре кетейік:

  • Қолданушы анкетасын қалай толтыру керек?
  • Брілген құпиясөз еске сақтауға қиын болса, оны қалай өзгертуге болады?
  • Сайт ресурстарын мобильді құрылғылардың барлық түрлерінде қалай қолдануға болады?

Осы кездесуімізден кейін мұғалімдер ұсынылған ресурстарды белсенді және толыққанды қолданады деп сенеміз және бұл ресурстар оқу үрдісін түрлендіруге, қызықты етуге өз үлесін қосары сөзсіз.

 


Бақытгүл Орынбасарқызы Салыхова

педагогика ғылымдарының кандидаты