Жаңа 2023-2024 оқу жылында еліміздің мектептерінде 3,9 миллион оқушы білім алады, оның ішінде 364 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады. Балалардың 68,2 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.Айта кетерлігі, Қазақстанда 7,7 мың орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мектептерде сапалы дайындық пен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, сынып-кешендерін қалыптастыру қолға алынуда. Бірінші сыныпқа қабылданушы оқушылар әсіресе, Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында көп. Сондай-ақ, балалардың мемлекеттік тілде білім алуы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары көш бастайды. Еске салайық, 2021 жылы балалардың 64 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған.
БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 70%-ҒА ЖУЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БІЛІМ АЛУДЫ ТАҢДАЙДЫ – ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
282
0
0
15.08.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ