БИЫЛ ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНІҢ 80%-НА ДЕЙІН ҚОСЫЛАДЫ

БИЫЛ ЖЫЛДАМ ИНТЕРНЕТ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНІҢ 80%-НА ДЕЙІН ҚОСЫЛАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орта білім беру ұйымдарын жылдам және тұрақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл интернетпен қамту 65%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бастама оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.

«Мектептерде жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етудің бірнеше маңызды артықшылықтары бар. Біріншіден, бұл оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, оқу процесі мен ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді. Екіншіден, жылдам интернет түрлі онлайн-платформалар арқылы басқа мектептермен және білім беру мекемелерімен өзара іс - қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, коммуникацияны дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді», - деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының м.а. Майра Маралбаева.

Айта кетейік, министрлік қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, желілік қамтуды кеңейту, деректерді беру жылдамдығын арттыру және шалғай және халқы аз аудандарда интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты түрлі шараларды жоспарлап отыр.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ