Биылғы оқу жылының басынан «Жайлы мектеп» жобасы аясында 100 мыңнан астам оқушы орны қолданысқа берілді
31
0
0
20.12.2024
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысының Қаскелең қаласы мен Кемертоған ауылында әрқайсысы 1500 орындық жаңа форматтағы екі мектеп, ал Түркістан облысында 2000 оқушыға арналған 1 жайлы мектеп ашылды.
Жобаның негізгі бағыты – функционалды және қауіпсіз білім беру ортасын құру болып табылады. Бұл мектептерде:
- бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған;
- заманауи техникалық шешімдерді енгізу арқылы қауіпсіздік шаралары күшейтілген;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылған;
- заманауи пәндік кабинеттермен, зертханалармен жабдықталған.
Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысында 17 мың оқушы орнына арналған 7 мектеп салынды. Оқу жылының басынан бері елімізде 100 мыңнан астам орындық 41 жайлы мектеп пайдалануға берілді.
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ