Биылғы оқу жылындағы ең ауқымды және қорытынды «BilimLand төңкерілген сынып» байқауының басталғаны туралы хабарлаймыз

Биылғы оқу жылындағы ең ауқымды және қорытынды «BilimLand төңкерілген сынып» байқауының басталғаны туралы хабарлаймыз

BilimLand компаниясы мұғалімдер OnlineMektep платформасын қолданудадағы АКТ дағдыларын көрсете алатын және шетелде өте қарқынды дамыған ”төңкерілген сынып” әдісі бойынша сабағын жүргізе алатын жаңа байқау жариялайды.

“Төңкерілген сынып” (Flipped Classroom) дегеніміз не?

Бұл – мұғалім үйде оқуға арналған оқу материалын ұсынатын (OnlineMektep.org білім беру платформасын қолданып) және сыныпта оқушылардың білімін бекітуге тырысатын аралас оқыту моделі. Оқытудың мұндай әдісін бірнеше жыл бұрын Джонатан Бергман мен Аарон Самс ойлап тапқан. 

Кез келген жастағы: бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына бірдей қолдана алатын бұл модельге уақыт өте келе мұғалімдердің көбі қызығушылық таныта бастады.

Бұл әдісті дәстүрлі сабақта қолдануға бола ма? Қашықтан оқыту білім саласындағы бірнеше жыл бойы қордаланған жетістіктердің іске асуын жылдамдатты. «Төңкерілген сыныптың» үлкен артықшылығы – балалар сабаққа дайындалып келеді. Оқушылардың сабақ тақырыбына қатысты материалдарды үйде емін-еркін, асықпай оқып, күрделі тұстарына тоқталып, егжей-тегжейлі пысықтап, зерттеу объектісі туралы түсінік қалыптастырып алуына мүмкіндік болады.
 
Байқау шарттары: 

  1. Байқау қатысушыларының барлығы OnlineMektep.org немесе BilimLand білім беру платформаларының қолданушысы болуы қажет;
  2. «Төңкерілген сынып» әдісімен өткізген сабағы жайлы видео түсіруі қажет; 
  3. Байқауға қатысушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына #BilimLand2021 хэштегін белгілеп, видеоны жариялауы қажет;
  4. Байқау өтетін мерзімде қатысушылардың Instagram парақшалары ашық болуы қажет;
  5. Байқауға қатысушылар Instagram-дағы @bilimland.kz парақшасына жазылуы қажет;
  6. Байқауға жолданған жұмыс OnlineMektep/BilimLand ресурсымен дәстүрлі және аралас оқыту кезінде «төңкерілген сынып» әдісін қолдану қажет;
  7. Жеңімпаздарды анықтағанда жинаған BilimBonus саны ескеріледі. (BilimBonus жүйесі BilimLand сабақтарын, Менің сабақтарымды, Интерактивті сабақтарды, Үй тапсырмасын, сондай-ақ БЖБ/ТЖБ-ны қолданған кездегі платформадағы белсенділікті есепке алады).

Өткізу уақыты: 2021 жылдың 16 сәуір – 25 мамыр аралығында өтеді. (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 12.00 дейін) 
 

Жеңімпаздарды анықтау: 2021 жылғы 31 мамыр. 
 

Бағалау критерийлері: ұйымдастырушылар байқауға қатысатын жұмыстарды видеоның сапасы, жұмыстың ерекшелігі және көрнекілігі бойынша, сонымен қатар, OnlineMektep.org сайтындағы BilimBonus көрсеткіші бойынша бағалайды.
 

Байқаудың жүлде қоры:

І орын – 1 000 000 теңге,
ІІ орын – 700 000 теңге,
ІІІ орын – 300 000 теңге.


Байқау Instagram әлеуметтік желісінде және OnlineMektep платформасында онлайн форматта өткізіледі. 

Видеоға қатысты ұсынымдар:

1. видеоны сыныпта, оқушылардың ортасында түсіру;

немесе

2. OnlineMektep платформасын қолданып, «төңкерілген сынып» әдісімен өткізілген онлайн-сабақтың видеосы;

немесе

3. «төңкерілген сынып» әдісін қолдануға қатысты өз тәжірибесін бөлісу.

Байқауға қатысу тегін!

Сәттілік!