«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды 

«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды 

«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлері үшін конкурсқа қатысуға құжат қабылдау басталды. 

Стипендия магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша тағайындалады. Құжаттарды республиканың кез-келген аймағындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары  және egov.kz  сайты арқылы онлайн тапсыруға болады. Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 25 ақпаннан 31 тамызға дейін жүргізілетін болады. Ал, негізгі конкурс 6 наурыздан 29 қарашаға дейін өткізіледі. Осы жылы стипендия 69 мамандық бойынша тағайындалады. Сондай-ақ, қазақстандық студенттер шетелдік жүзден астам үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады. Университеттер тізімі www.bolashak.gov.kz   ресми сайтында жарияланады.


Дереккөз: bolashak.gov.kz