CENTRAL ASIA FIRST CHAMPIONSHIP 2023: ЗИЯТКЕРЛЕР ЖЕҢІСІ

CENTRAL ASIA FIRST CHAMPIONSHIP 2023: ЗИЯТКЕРЛЕР ЖЕҢІСІ

    Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары 24-26 ақпан аралығында Астана қаласында өткен «Central Asia FIRST Championship 2023» робототехника бойынша жарысының Республикалық кезеңінің жеңімпазы атанды.

   Танымал робототехника чемпионаттарының бірі биыл еліміздің әр өңірінен 1200-ден астам мектеп оқушысының басын қосты.

    Жарыс 3 күн бойы өтті және осы уақыт ішінде біз фокусты жоғалтпай жеңіске жету үшін көп жұмыс жасадық. Командалар мықты болды, бірақ біз күш-жігеріміздің арқасында оларды басып оздық. Жеңіс бізге қиын болды, өйткені біз мектептен бос уақытымызды робототехникаға жұмсадық. Ең қиын сәттерде бізді қолдаған тәлімгеріміз Бекзат Инкаровқа алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, бізбен бірге финалда өнер көрсеткен «Балға мен шеге» командасына алғысымды білдіремін. Енді біздің алдымызда АҚШ-та өтетін дүниежүзілік чемпионатта жеңіске жету міндеті тұр, - деп бөлісті зияткерлік мектеп оқушысы Ерасыл Әбілқасым.

Айта кетейік, жеңімпаз команда Хьюстонда өтетін робототехника бойынша әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.