Дариға Назарбаева білім басқармаларын жауып тастауды ұсынды

Дариға Назарбаева білім басқармаларын жауып тастауды ұсынды

Сенат депутаты Дариға Назарбаева журналистерге берген сұқбатында мектептерді тікелей қаржыландырып, соның арқасында білім басқармаларын жауып тастау керектігін айтты.

«Қазір мектептерді жан басына қарай қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Меніңше, ол ақша тікелей Астанадан бөлінетін болса, облыстық, қалалық және аудандық білім басқармалары мүлдем қажетсіз болып қалады. Бұл - өте маңызды мәселе. Себебі мектепке бюджет қаржысы бөлінгенде, ол ақша біраз уақыт жаңағы басқармаларда жатып қалады. Олар оны бүгін бере ме? Ертең бере ме? Ашығын айту керек, бюджет қаржысын үнемдейміз деп, толығымен бермеуі де мүмкін. Артынан кітаптарға, я болмаса, күрделі жөндеуге ата-аналардан жинай саласыңдар деп, жылы жаба салады. Ол жерде заңбұзушылықтар көп. Меніңше, ондай басқармалардың бәрін жауып тастау қажет», - деді Назарбаева.

Ол шетелдердегі мектептерді тікелей қаржыландыру арқылы тікелей бақылау жүргізуге болатынын айта кетті.

«Мысалы, қазір «Күнделік» деген тамаша бағдарлама бар. Бюджеттен көп шығын шыққан жоқ. Бірақ ішінде мектептер, оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар туралы көп ақпарат бар», - деп атап көрсетті депутат.

Дереккөз: holanews.kz