Екінші тоқсан бойынша "Үздік БЖБ/ТЖБ" байқауы өз мәресіне жетті

Екінші тоқсан бойынша "Үздік БЖБ/ТЖБ" байқауы өз мәресіне жетті

Кәсіби қызметінде жоғары жетістіктерге жеткен, кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыратын, сонымен қатар OnlineMektep платформасын белсенді қолданатын мұғалімдер екінші тоқсанда екінші мәрте өткізіліп отырған «Үздік БЖБ/ТЖБ» байқауының келесі жеңімпаздары атанды.

Байқаудың мақсаты - оқушылардың білімін жиынтық бағалауды ұйымдастыру бойынша педагогтердің тәжірибе алмасуы және бөлісуі. Байқау аясында сайтқа 20000-нан астам жұмыс жүктелді, соның ішінде OnlineMektep платформасындағы жүктелімдер саны бойынша екі жұмыс таңдалды (БЖБ бойынша - 1 және ТЖБ бойынша - 1 үздік жұмыс):

1. Минасилова Назыгүл, №25 мектеп-гимназия КММ, ағылшын тілі пәні мұғалімі Т.Рысқұлова - 1948 жүктелім;

2. Әуренбаева Торғын, №40 орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі - 686 жүктелім.

Байқаудың жеңімпаздары BilimLand, iTest, Twig-Bilim және iMektep ресурстары қолжетімді, сенсорлы, трансформер-ноутбукты иеленеді.

Біз жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және осындай тың әрі қиын кезеңде қашықтан оқыту барысын тиімді ұйымдастыра білгені үшін алғысымызды білдіреміз.