ЕЛІМІЗДЕ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

ЕЛІМІЗДЕ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 22-23 желтоқсан күндері ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі өткізіледі.

Мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

Екінші кезеңге олимпиаданың бірінші кезеңінен өткен 25 844 оқушы қатысады. Екінші кезең дәстүрлі форматта бір турдан тұрады және аудан орталықтарында өтеді. Өңірлерде барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ауа-райы жағдайы қатаң қадағаланады.

Атап өтейік, екінші кезең жеңімпаздары (нәтижелерге сәйкес, әр пән мен сынып бойынша екіден артық емес) үшінші кезеңге қатысады: жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша 10-11(12) сынып оқушылары.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ