ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ БАСТАЛДЫ

ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ БАСТАЛДЫ

Биыл білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін өткізу кезінде академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын бақылау үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері, Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және педагогикалық жоғары оқу орындарының қызметкерлері тартылды. Өткізу форматы халықаралық зерттеулер секілді стандарт бойынша әр аудиторияда тест-әкімшілер болады.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету саясаты басқармасының басшысы Динара Әбілқанованың айтуынша, мониторинг функционалдық сауаттылық деңгейін бағалауға және алған білімдерін мектеп қабырғасында және өмірлік жағдайларда қолдана білуге бағытталған.

«Білім сапасы туралы нақты дерек алу үшін көптеген елдер білім алушылардың оқу жетістіктерін ұлттық деңгейде үнемі бағалап отырады. Осылайша, маңызды сұрақтарға жауап алады. Оқыту қаншалықты жүйеленген? Оқушылардың білім алу деңгейі қандай және олар қоғамға енуге қаншалықты дайын? Міне, осы сұрақтарға жауап алу біздің білім беру жүйеміз үшін де маңызды.Тек ББЖМ-нің объективті нәтижелері ғана дұрыс қорытынды жасауға және тиісті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», - дейді басқарма басшысы.

Тестілеу мемлекеттік бақылау нысаны емес. Сондай-ақ білім алушы, білім беру ұйымдары үшін де құқықтық салдары жоқ.

ББЖМ-ге 4 және 9 сыныптардан 50 мыңнан астам оқушысы қатысады. 1472 мектепте үш бағыт бойынша компьютерлік кешенді тестілеу түрінде өтеді. Ол оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. Мониторинг 2023 жылғы 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында болады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ