Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен 2008 жылдан бері жыл сайын 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірлерінде дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы «Жақсылық жаса» ұранымен бастау алды.Аталған жоба аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан сондай-ақ, асыраушысынан айырылған ерекше білім беруді қажет ететін балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.Ағымдағы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер мен меценаттардың көмегімен 200 мыңнан астам оқушыға 3 млрд тенгеден көп қаражатқа көмек көрсету көзделген.
ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРЛЕРІНДЕ "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
343
0
0
04.08.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ