Еліміздің педагогтері «ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасы бойынша әдістемелік көмек алуда
396
0
0
13.09.2024
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі мектептердің барлық педагогтері мен әкімшіліктері «ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасы бойынша нұсқаулық-әдістемелік семинарларға қатысуда. Оқытуды «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты ұйымдастырады.
«Оқушылар арасында буллингтің алдын алу бойынша «ДосболLIKE» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру мақсатында педагогтерге жан-жақты әдістемелік қолдау көрсетіледі. Бұл шара мектептерде бала үшін қауіпсіз және достыққа негізделген орта құруға бағытталған. Ол мектептегі ахуалды жақсартуға, буллинг деңгейін төмендетуге және оқушылар арасында өзара құрмет білдіру, көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», - деп атап өтті Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Айта кетейік, бағдарлама еліміздің тоғыз өңірінде: Абай, Жетісу, Ұлытау, Атырау, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларында жалпы саны 50 орта білім беру ұйымында пилоттық режимде жүзеге асырылуда.
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ