Мониторингке баласы бала бақшаға баратын, санитарлық кітапшасы бар кез келген қала тұрғыны қатыса алады.
Нұрсұлтанда мектепке дейінгі ұйымдарға тамақ беру сапасы бойынша арнайы мониторинг тобы құрылады. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.
"Қалалық мониторинг тобын меткепке дейінгі ұйымдарда тамақтандыру сапасын қадағалау мақсатында кеңейтіп отырмыз. Белсенді ата-аналарды осы жұмысқа атсалысуға шақырамыз", - деді ол.
Тапсырыстарды білім басқармаларына жолдауға болады.
"20 қыркүйекке дейін қалалық білім басқармасының сайтында мониторингке қатысқысы келетін ата-аналардан өтінім қабылдайтын айдар ашылады. Әрине, осы бағытты "Нұр Отан" партиясы мүшелері мен "Адалдық алаңы" өкілдері қолдап отыр", - деді Әнуар Жанғозин.
Толығырақ: today.kz