ЕЛОРДАДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ АШЫҚ ҰЛТТЫҚ САММИТІ ӨТТІ

ЕЛОРДАДА ПЕДАГОГТЕРДІҢ АШЫҚ ҰЛТТЫҚ САММИТІ ӨТТІ

Астанада Nobel Fest ғылыми фестивалі аясында Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Қазақстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылған бірегей шара – Педагогтердің ашық ұлттық саммиті өтті. Саммитке әлемнің ең үздік ұстаздары қатысты.

Педагогтер саммиті – мұғалімдер, ата-аналар және мектеп басшылығы үшін кәсіби білім беру платформасын құруға бағытталған бастама.

Саммиттің ашылуында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева сөз сөйледі.

«Бұл шарада түрлі мәдениеттер, тілдер мен педагогикалық тәсілдер тоғыстырылды. Ең бастысы, бұл шарада шәкіртіне толыққанды білім беру үшін өз біліктілігін үнемі арттырып, жетілдіріп отыратын педагогті бірінші орынға қойып отырмыз», - деді Наталья Жұмаділдаева.

Айта кетейік, Nobel Fest - халықаралық EdTech платформасы болып табылады. Фестивальдің басты мақсаты – қазақстандықтарды білімге, ғылымға және инновацияға баулу.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ