Елордада XIX республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі өтті

Елордада XIX республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін «Жұлдызай» XIX республикалық балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен 6 мыңнан астам бала қатысты. Оның ішінде 250 бала вокал, хореография, аспаптық орындау және ым-ишарамен ән орындау номинациялары бойынша лауреат атанды.

Фестивальдің ашылуына қатысқан оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан бұл байқаудың еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланатты балаларды біріктіретін маңызды шара екенін атап өтті.

««Жұлдызай» XIX республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қатысушыларын құрметпен қарсы алуға рұқсат етіңіздер. Осы жылдар ішінде фестиваль ел аумағында қанат жайып, республикалық деңгейге дейін өсті. Ол еліміздің өңірлеріндегі талантты, дарынды балалардың басын қосты. Әсіресе, балаларымыздың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлес қосып жүрген «BI Juldyzai» корпоративті қорына ерекше алғысымды білдіремін», - деді вице-министр.

Фестиваль концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттің қонағы ретінде қазақстандық өнер иелері Жұбаныш Жексен, Балжан Бидаш, Рухия Байдукенова, Расул Жармағамбетов, Назым Сағынтай және Қайрат Мырзахан өнер көрсетті.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ