ЕЖЕНЕДЕЛЬНЫЙ ОБЗОР РАБОТЫ МИНИСТЕРСТВА ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ЕЖЕНЕДЕЛЬНЫЙ ОБЗОР РАБОТЫ МИНИСТЕРСТВА ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ Асхат Аймағамбетов Петропавл қаласында өткен тарих пәні мұғалімдерінің республикалық съезіне қатысты. Жиында оқу бағдарламалары, бағалау, оқулықтар, оқыту курстары тағы да басқа мәселелер қызу талқыланды. Білім және ғылым министрі Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай базалық оқулық әзірленетінін мәлімдеді. Типтік оқу бағдарламалары жаңартылып, тарих пәні бойынша мектеп бітірушілерді бағалау және қорытынды аттестаттау бойынша өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. «Тарих» мамандығы бойынша ғылыми бағытта білім алған сала мамандары қайта дарярлау курстарынан кейін мектептерде тарих пәнін оқыту мүмкіндігіне ие болады. 

Асхат Аймағамбетов өз Telegram-каналын ашты. Аз уақытта ғана Білім және ғылым министрінің парақшасына 10 мыңнан астам адам жазылды. Ведомство басшысы енді министрліктің жаңалықтарын өзінің Telegram-каналында жариялап тұратынын хабарлады.    Осы аптада Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарының ректорлары және оқытушыларымен кездесу өткізді. Ведомство басшысы білім сапасын арттыру мақсатында іске асырылып жатқан шаралардың маңызы мен міндеттерін түсіндірді. Мемлекеттік оқу гранттарының бағасы екі есеге өсті. Бұл профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын көтеруге ықпал етті. Келесі жылы ғылымды қаржыландыру төрт есеге ұлғаяды. БҒМ Молекулярлық биология және биохимия институтының ғалымы Бақытжан Әлжанұлы геномды редакциялау көмегімен I типті қант диабетін емдеуге арналған бірегей жасушаларды ойлап тапты. Бұл жасушаларды трансплантациялау ұйқы безіне инсулин өндіруге және оның денедегі деңгейін өз бетінше реттеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда әлемде І типті қант диабетін емдеу әдісі жоқ, пациенттер тек инсулин терапиясы бойынша емделеді. Қазақстандық биотехнолог өз жұмысында бұрын-соңды ғылымда қолданылмаған бета-клеткаларды алу әдісі арқылы оң нәтижеге қол жеткізді.

Министрліктің аппарат жиынында мектеп құрылысы мәселелері қаралды.2022 жылы 214 538 оқушыға арналған жаңа 225 мектепті қолданысқа беру жоспарланып отыр. Өткен жылы жеке меншік мектептер бойынша көрсеткіш 5,2 есеге артық орындалып, 152 мектеп ашылды. Алайда, бюджет есебінен нысаналы мектеп құрылысы бойынша жоспар толық орындалмай қалды. Қаржыландыру бола тұра 42 мектептің құрылысы әлі аяқталған жоқ.

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық мамандықтарға гранттар саны 36%-дан 60%-ға дейін өседі. Сонымен қатар, техникалық бағыт бойынша үміткерлер үшін шет тілін меңгеруге арналған IELTS тестінің орташа балы төмендетілді. Енді 5.0 балл жеткілікті және бір жыл тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі де қарастырылған.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ