ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сұрақтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті, қосымша білім беру, педагог кадрларды даярлау және олардың сапасын арттыруға қатысты болды.

Министр барлық өтініштерге толық түсініктеме берді. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер жеке бақылауға алынды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ