Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің шығысына жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Өңір тұрғындарының сұрақтары негізінен мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті, қосымша білім беру, педагогикалық кадрларды даярлау, білім беру сапасын арттыру мәселелеріне қатысты болды.
Министр тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтар мен өтініштерге қатысты толыққанды жауап берді. Зерделеп қарауды қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алды. Сондай-ақ кейбір мәселелер бойынша Министрліктің комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.