Екінші ауысымда оқитын оқушылардың ата-аналарынан аса суық ауа райына байланысты балаларын білім ошағынан алып кетуді сұрауда деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі таңда елордадағы ауа температурасының көрсеткіші - 27 градус. Алайда, ылғалдылық пен қатты жел салдарынан - 37 градус аяз болып сезілуде.
Астаналық мектептердің бірі хабарлағандай, елорданың білім басқармасы мен төтенше жағдайлар комитеті мектептердегі сабақты тоқтатуға тапсырма берген.
Сейсенбі күні оқушылар сабаққа бармайтын болды. Оған елордада жарияланған дабылды ескерту себепкер. Оған қоса, Астанада 26-шы және 27-ші желтоқсанда -33-35 градус аяз күтілуде.
Дереккөз: nur.kz