Батыс Қазақстан облысы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемелермен қамту ісі бойынша алғашқы үздік бестіктің қатарына енді, деп «Хабар 24».
Бүгінде облыс бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларға тәлім-тәрбие берумен айналысатын 507 мекеме бар. Жалпы балабақшаларға 30 мыңнан астам бүлдіршін барады. Қазір облыс орталығы ғана емес елді мекендердегі барлық балабақша электронды кезек жүйесіне көшірілген. Автоматтандырылған бұл кезек жүйесінде 3 жасқа дейінгі 20 мыңға жуық бүлдіршін тіркеуде тұр.
Зәуре Ғұмарова, облыстық білім басқармасының басшысы:
- Жыл сайын мектептердің жанындағы бос орынды пайдалану арқылы шағын орталықтар ашылып жатыр. Сонымен қатар құрылыстың есебінен жаңа балабақшалар ашылуда. Жеке балабақшалардың саны да жыл сайын облыс көлемінде өсіп келеді. Осы биылғы 2018 жылдың өзінде мектепке дейінгі ұйымдардың саны 26 бірлікке өсті, соның ішінде 20-сы жеке балабақшалар.
Дереккөз: 24.kz