КІТАПТАР, КОМПЬЮТЕР, ПРОЕКТОР, СЕРТИФИКАТТАР: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА!» БАЙҚАУЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ЕСТЕЛІК СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ

КІТАПТАР, КОМПЬЮТЕР, ПРОЕКТОР, СЕРТИФИКАТТАР: ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҰСТАЗЫҢДЫ ҚҰТТЫҚТА!» БАЙҚАУЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ЕСТЕЛІК СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Кәсіби мереке – Мұғалімдер күні қарсаңында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Ұстазыңды құттықта!» байқауының жеңімпаздары кітаптар, компьютер, проектор, фотосессияға сертификат және басқа да естелік сыйлықтарға ие болды.

Бұған дейін байқау жеңімпаздарының есімдері белгілі болғаны хабарланды. Олар Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушылары, Талдықорған қаласы №4 орта мектебінің 11 «Б» сынып оқушылары, сондай-ақ Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушылары болды.

Байқау жеңімпаздарына Оқу-ағарту министрлігі атынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Бейнеролик арқылы ұстаздарын кәсіби мерекемен ерекше құттықтаған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы Обаған орта мектебінің 4-сынып оқушылары сыныпқа қажетті кітаптар, жаңа компьютер және проектор алды.

Талдықорған қаласындағы №4 орта мектептің 11 «Б» сынып оқушылары түлектерге арналған фотосессияға сертификат пен картина сыйлыққа алды.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің 8 «А» сынып оқушыларына көркем кітаптар мен сыныпты қажетті оқу құралдарымен жабдықтауға ақшалай қаражат берілді.

Оқу-ағарту министрлігі жеңімпаздарды құттықтап, оқуда және шығармашылықта табыс тілейді!

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ