КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ АРАСЫНДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ АРАСЫНДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің ақпараты бойынша, Абай облысында педагогтер арасында II Республикалық спартакиада аяқталды.

Бес күндік жарысқа республиканың 15 облысы және 3 қаласынан 740 педагог келді. Олар спорттың бес түрі бойынша сынға түсті. Спартакиада қорытындысы бойынша 1 жалпы командалық орынды Алматы қаласының командасы, 2 орынды Түркістан облысы және 3 орынды Абай облысы иеленді.

Жеңімпаздарға қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы атынан кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Жекелеген спорт түрлері бойынша жүлдегерлер 1, 2, 3 дәрежелі кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ