Күләш Шәмшидинова: Балалар білім алуға ұмтылуы тиіс

Күләш Шәмшидинова: Балалар білім алуға ұмтылуы тиіс

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Атырау облысына жасаған жұмыс сапары аясында Махамбет ауданындағы Д. Түленов атындағы мектеп гимназияға барды.

Ауыл мұғалімдерімен сұхбат кезінде министр мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарына тоқталып, білім саласындағы реформаның негізгі тұстарына назар аударды. Сондай-ақ бүгінде қызу талқыланып, қабылдануы күтіліп отырған «Педагогтың мәртебесі туралы» Заңына қатысты мұғалімдердің сұрағына жауап берді. «Бүгінде басты капитал - адам. Бұл капиталдың құндылығы оның білімділігімен, интеллектуалдық дамуымен өлшенеді. Сондықтан  оқушыларды алған білімдерін талдап, жинақтауға үйретуіміз қажет. Ғылым мен білімнің заңдары ешқайда кеткен жоқ дегім келеді. Біздің бүгінгі міндетіміз - мектеп оқушыларын білім алуға ұмтылуға баулу», - деді К. Шәмшидинова.

Дереккөз: inform.kz