Өткен жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда құзыреттілік орталықтары ашыла бастады.
Олардың негізгі мақсаты – жүйеге инновациялық тәсілдерді енгізу және жас мамандарды оқыту.
Бұл орталықтарда шығармашылық педагогтер тобы табысты тәжірибелерімен бөлісіп, идеялар ұсынып, өзекті тақырыптар бойынша тренингтер мен семинарлар ұйымдастырады, сондай-ақ ресурстық қолдау көрсетеді.
Бүгінгі таңда өңірлерде 180 құзыреттілік орталығы жұмыс істейді: олардың 94-і қалада, ал 86-сы ауылдық жерлерде ашылған.