Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері Bilim Media Group компаниясында өндірістік тәжірибеден өтуде

Л.Н. Гумилев атындағы  ЕҰУ студенттері Bilim Media Group компаниясында  өндірістік тәжірибеден өтуде

       2023 жылдың 16 қаңтары мен 25 ақпаны аралығында білім беру бағдарламаларына сәйкес Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «6В054 – Математика және статистика» және «6В06105 Математикалық және компьютерлік модельдеу»  мамандықтарының 4 курс студенттері Матыбаева Салтанат, Темирбаев Дамир және Амангелді Олжас   «Bilim Land» компаниясында өндірістік тәжірибеден өтуде.

 Интегративті, кешенді сипатқа ие өндірістік тәжірибе мазмұны – студенттердің академиялық оқу кезінде игерген тәжірибелері мен меңгерген дағдыларына негізделген.

Тәжірибе кезінде студенттер әр түрлі жеке тапсырмаларды орындайды, атап айтқанда:

  •  Ұйымның қызметімен және құрылымымен танысу;

  • Online Mektep-тегі «Математика» пәндерінің  цифрлық ресурстарын әзірлеуге және тексеруге көмектесу.

Біздің команда ынтымақтастық пен сенім үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне алғыс білдіреді. Біз, болашақ мамандармен бірге білім беру өнімдерін әзірлеу тәжірибесімен бөлісуге әрқашан дайынбыз.