Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу Қағидаларына сәйкес 2019 жылғы 1 сәуірден бастап 10 мамырға дейін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі – ҰБТ) өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
ҰБТ 2019 жылғы 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі. Маусым айындағы ҰБТ сертификаты білім беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдануға мүмкіндік береді.
Өтініштер ҰБТ өткізу пункттерінде және желілік жоғары оқу орындарында қабылданады.
Сондай-ақ, ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар «Шет тілі (ағылшын тілі)» пәні бойынша ҰБТ-дан босатылады.
2019 жылдан бастап білім гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады. Білім беру бағдарламаларының тобына бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді. Жоғары оқу орнына қабылдау кезінде оқуға түсушілер одан әрі оқу үшін нақты білім беру бағдарламасын таңдайды. Түсушілердің білім беру гранттарын беру конкурсы кезінде бейіндік пәндері сәйкес келген жағдайда бір облыс ішінде 4 білім беру бағдарламалары топтарына дейін таңдауға мүмкіндігі бар.
Дереккөз: testcenter.kz