«Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебінің 13 күні «Bilim Media Group» цифрлық ресурстарына арналды

«Ұлы дала ұрпағы»  жазғы мектебінің  13 күні  «Bilim Media Group»  цифрлық ресурстарына арналды

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы алғаш рет шет елдік қазақ диаспорасының балаларына арнап «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебін өткізуде. Елордаға Ресей, Иран, Монғолия, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстан елдеріндегі қазақ диаспорасынан 150 өкіл 7-9 сыныптың оқушылары қатысуда. Екі апталық жазғы мектептің бағдарламасында туған тілді, Қазақстан тарихын, қазақ халқының салты мен дәстүрін оқу көзделген..

“Білім беруге арналған қазақ тілді цифрлық ресурстарға” арналған жазғы лагердің 13-күнінде “Bilim Media Group” клиенттерді қолдау департаментінің мамандары Э.Бактыгалиева, М.Куспекова атажұртқа келген лагер тынығушыларына Bilimland.kz, iMektep.kz, twig-bilim.kz, iTest.kz ресурстарын жан-жақты таныстырып, сайтты кез келген ыңғайлы уақытта, мобильдік құрылғымен қолдануға болатындығын айтты. Таныстырылым барысында оқушылар смартфондарымен bilimland.kz сайтына кіріп, пән сабақтарының интерактивті тапсырмаларын орындап, ерекше қызығушылық танытты. Сонымен қатар шет мемлекетте тұратын қандас бауырларға ана тіліндегі қазақ және әлем әдебиетінің үздік шығармаларын оқу және тыңдау мүмкіндігін ұсынатын ауқымды онлайн платформа Қазақстанның ашық кітапханасы kitap.kz жобасы кеңінен таныстырылды. 

Жазғы мектеп «Отандастар» Қоры мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қолдауымен өтуде.