МАГИСТРАТУРА МЕН ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 18 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

МАГИСТРАТУРА МЕН ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 18 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Магистратура мен докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 18 қарашаны қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші кешенді тестілеуге және докторантураға түсу емтихандарына құжаттар қабылдау басталғаны туралы жарияланған болатын.

Қазақстандықтардың өтініштерін ескере отырып, енді кешенді тестілеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі тағы үш күнге ұзартылды.

Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желілердегі парақшаларында магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет, яғни дәстүрлі түрде жазда және қосымша қыста өтетінін хабарлаған болатын.

«Министрлік студенттердің мүдделерін әрқашан бірінші орынға қояды. Сондықтан министр оқуға түсу үшін тағы бір мүмкіндік беру туралы шешім қабылдады. Тесттерді сәтті тапсырған жағдайда үміткерлер жазғы қабылдау қорытындысы бойынша артық қалған гранттарды ұтып ала алады», — деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, магистратураға екінші кешенді тестілеуге және докторантураға түсу емтихандарына қатысу үшін тіркелу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты арқылы жүргізіледі. Магистратураға кешенді тестілеу және докторантураға түсу емтихандары 2021 жылғы 19 қараша басталып, 11 желтоқсанға дейін жалғасады.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар 2021 жылғы 25 желтоқсанға дейін қабылданады. Оқуға қабылдау 2021 жылдың 26 желтоқсаны мен 2022 жылдың 10 қаңтары аралығында жүргізіледі.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ