Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Ирина Смирнова мұғалімдердің жұмысын бағалау жүйесіне өзгерістер енгізуді ұсынды.
Смирнованың айтуынша, жас мұғалім мен балабақша тәрбиешісінің жалақысы республикадағы орташа еңбекақы көлемінен кем болмауы керек. Депутат осы ретте білім беру саласы қызметкерлерінің кезектен тыс аттестациясына қатысты да сын айтты.
Яғни, педагогтың жалақысына үстеме тек емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін ғана қосылады. Салалық министрлік өкілдері аттестаттау мұғалімнің қалауымен ғана жүргізілетінін айтқан болатын. Дегенмен, бұл сынаққа іс жүзінде еңбекақысын көтергісі келетін мамандар ғана қатысуға мәжбүр. Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Іс жүзінде әр педагог жалақысын арттыру үшін сынақтар тапсыруы керек. Мәселен, өткен жылғы кезектен тыс аттестаттау мектеп оқушыларының емтихандары күндерімен тұспа-тұс келді. Бұл жағдай биыл да қайталанбақ. Бұл шаралардың барлығы мұғалімдердің әлеуетін арттыруға кедергі. Жүйеге ұстаздардың өздеріне ыңғайлы болатын өзгерістер енгізілсе деймін.
Источник: 24.kz