Елімізде мектеп бітірушілеріне арналған Ұлттық бірыңғай тестілеудің наурыз айындағы кезеңі басталды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 2019 жылы 27-29 наурыз аралығында 133 Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктерінде (ҰБТӨП) өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ-ға қатысуға 80042 өтініш берілді, оның ішінде қазақ тілінде – 62678, орыс тілінде – 17086, ағылшын тілінде – 278 адам.
Наурыз айындағы ҰБТ нәтижелері бойынша тестіленуші жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге құқылы.
Дереккөз: testcenter.kz