Мектеп түлектері мешітте үлкендердің батасын алды

Мектеп түлектері мешітте үлкендердің батасын алды

Бірер күннен соң мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас жеткіншектердің жігерін жанып, рухани қолдау көрсетуге бағытталған бұл шараға астана мектептерінің 2000-нан астам оқушысы жиналды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында шәкірттер ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековпен, Нұр-Сұлтан қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есинмен, белгілі ақын, Shalkar радиосының директоры Қалқаман Саринмен және басқалармен кездесті.

Азаматтар жас түлектердің алдағы өміріне сәттілік тіледі.

Шара аясында сынағы мол кезең алдында тұрған түлектерге рухани қолдау көрсету және сабырға үйрету мақсатында арнайы буклеттер таратылды.

Дереккөз: muslim.kz