Мектепке қандай психологтар керек?

Мектепке қандай психологтар керек?

Жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс гранттарын барлық министрліктер бөлуі керек.

Бұндай пікірді Парламент Сенатында Жастар жылына  арналған дөңгелек үстелде «Қазақстан жастарының конгресі» қауымдастық нысанындағы ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысов мәлім етті.  Ақтөбелік жастар ауылдастарына жұмыртқаны тегін таратады АҚШ-та білім алған шиелілік ағылшын тілін тегін үйретеді Алматыда ауыл жастарының форумы өтті «Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнама барлық меморгандардың жастарды дамытуға қолдау жасауын ескерген. Алайда іс жүзінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың гранттарын көбіне Қоғамдық даму министрлігі ғана бөледі. Бейінді бағыттар бойынша басқа да министрліктер бойынша гранттар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қаржыландыруды күшейту керек.

Мысалы, Денсаулық сақтау министрлігі жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында, Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық батырларды насихаттау бойынша роликтер мен материалдарды жасауды қамтыса дұрыс болар еді», - деді Т. Болысов.

Бұдан бөлек ол балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесіне тоқталды. «Бүгінде  жастардың көптеген проблемасы дұрыс психологиялық көмектің болмауына байланысты туындап отыр. Психологиялық қолдау институты  тиісті деңгейде емес. Балалар мен жастар өмірлік қиын жағдайда кімге барарын білмейді. Мектеп психологтарының құзырет деңгейі әлсіздеу. Сондықтан да психологтардың мәртебесі мен оларды оқыту мәселесін қайта қарастыру керек», - дед Тоқтар Болысов.


Дереккөз: inform.kz

Пікірлер2

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз Тіркелу
Райхан Какибаева
Райхан Какибаева
2019-02-13T15:00:23.000000Z
Бүгінгі қоғамда психологтардың ролі ерекше. Мектеп жасынан бастап психологтар барлық адамдарға қажет. Түрлі туындаған проблемаларды психологтардың көмегімен шешуге болады. Психолог -үлкен көмекші деп білемін.
Аятхан Бахберген
Аятхан Бахберген
2019-02-07T12:02:21.000000Z
Өте дұрыс айтылған пікір. Кейбір психологтардың көмектесуге қауқары жетпей қалады. Сондықтан оларды оқытудың сапасына назар аударған жөн.