Мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналары мен педагогтерге арналған бейімделген бағдарлама әзірленіп жатыр

Мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналары мен педагогтерге арналған бейімделген бағдарлама әзірленіп жатыр

Қазақстанның ұлттық заңнамалық базасы, оның ішінде «Бала құқықтары туралы» және «Білім туралы» заңдар – бұл балалардың бақытты әрі қауіпсіз балалық шағы құрылатын құқық қорғау саласы. 2022 жылдан бастап енгізіліп жатқан Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделі оң нәтижесін беруде.

«Тәрбие процесін ойын және әртүрлі іс-шаралар арқылы ұйымдастыру балалардың физикалық, интеллектуалдық және жеке дамуына оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар, балаларды ерте жастан тәрбиелеу мәселелері бойынша педагогтер мен ата-аналарға арналған бейімделген бағдарлама әзірленіп жатыр. Бағдарлама контенті мәдени дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды ескере отырып жасалады», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова ОКҚ алаңында.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ