МЕКТЕПТЕРДЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЛҚЫЛАНАДЫ

МЕКТЕПТЕРДЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА ТАЛҚЫЛАНАДЫ

28 сәуірде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Педагог-кәсіптік бағдар берушілер білім алушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша үздік тәжірибелер мен әдістер ұсынады. Келесідей тақырыптық секциялар өткізу жоспарланған:* Кәсіптік бағдар берушінің жұмысын жоспарлау және кәсіптік бағдар берудің тиімділігін бағалау;* Болашақ мамандықтары: мамандық таңдаудың психологиялық аспектілері;* Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау: қолжетімділік және инклюзивтілік.

Пленарлық отырыс пен панельдік секциялардың трансляциясы Bilim 4.0 академиясының Youtube-арнасында қолжетімді болады: https://www.youtube.com/@BILIM40_UBA_edu_kz

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ