Мемлекет басшысының Қырғызстанға ресми сапары барысында Бішкекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің филиалын аштық - Асхат Аймағамбетов

Мемлекет басшысының Қырғызстанға ресми сапары барысында Бішкекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің филиалын аштық - Асхат Аймағамбетов
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары барысында біз Бішкекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің филиалын аштық.   Біз алыс және жақын шет елдермен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытып келе жатқанымызды атап өткім келеді. Филиалды ашу туралы шешім Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың былтырғы сапары кезінде қабылданған болатын.   Сондай-ақ сапар барысында екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.   https://www.facebook.com/1120704037/posts/pfbid02jRZgT9GTm1Ez8agZCjTFpf9PX19PJpiVMWmozoAcMkSQuV8F8aC3CVaSoUwASncSl/?d=n 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ