МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

АЙТЫЛДЫ:

2 ЖАСТАН 6 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САПАЛЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ

(Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасынан)

__

ОРЫНДАЛДЫ:Жыл басынан бері 57,9 мың орындық 555 мектепке дейінгі ұйым ашылды.- 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 89,8% құрайды; - жыл соңына дейін тағы 23,1 мың жаңа орын пайдалануға беру жоспарлануда;- биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие және оқыту сапасын бағалау крителрийлері енгізілді;- мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың дамытушы ортасына қойылатын талаптар айқындалды;- мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған 3476 кеңес беру пункті жұмыс істеуде;- мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлерде әдістемелік кабинеттер жанынан мобильді топтар жұмыс істеуде;- мектепке дейінгі білім беру бойынша 20 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті;- инновациялар мен озық педагогикалық тәжірибелерді тарату, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының көшбасшы-басшыларының корпусын құру үшін 79 Құзыреттілік орталығы ашылды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ