МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 95 мыңнан астам педагогтің жалақысы 30%-ға өсті.Аттестаттау қорытындысы бойынша 23 784 (24%) мектепке дейінгі педагог лауазымдық жалақысынан біліктілік санаты үшін 30%-50% қосымша ақы алады.

2023 жылдан бастап педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан өту мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды. Биыл 39 білім беру бағдарламасы бойынша 20 390 (35 %) (2022 жылы – 15 945 (20 %) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері курстан кейінгі міндетті қолдау көрсетумен біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Педагогтерді аттестаттау ережелері қайта қаралуда. Мұғалімнің жеке кабинетіне біліктілік деңгейін растайтын материалдарды жинауды автоматтандыру үшін арнайы ақпараттық жүйе – Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы әзірленуде.

Мұғалімдердің кәсіби қызметінің материалдарын интеграциялау үшін педагогтердің деректер базасы әзірленеді немесе жаңартылады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ