ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қазақстандық жастарға үн қатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шынымен де біздің жастарымыздың қажыр-қайраты идеясы көп. Бізде білімді жастар саны артып келеді. Сондықтан да мемлекет сіздерді қолдайды. Сіздер еліміздің негізгі саясатын жақсы білесіздер. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы күндерден бастап қазақстандық жастардың барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін лайықты білім алуына және біздің жастарымыздың спортпен, мәдениетпен, өнермен айналысуға, өз халқы мен елін дәріптеуге мүмкіндік алуына назар аударуда», - деді Бердібек Сапарбаев елордада «Дарын» жастар сыйлығын табыстау салтанатында.
Осыған дейін хабарлағандай, бүгін Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХХІІІ отырысында Жастар жылының қорытындысы талқыланды, сондай-ақ келесі жылға жоспарлар құрылды.
Толығырақ: inform.kz