Microsoft Қазақстан мектептерінің жаңашыл мұғалімдерін дамыту бағдарламасына - Microsoft Innovative Educator (MIE) сарапшылар қауымдастығына іріктеу туралы хабарлайды

Microsoft Қазақстан мектептерінің жаңашыл мұғалімдерін дамыту бағдарламасына - Microsoft Innovative Educator (MIE) сарапшылар қауымдастығына іріктеу туралы хабарлайды

Microsoft компаниясы Қазақстан Республикасының ынталы мектеп мұғалімдерін жаңашыл педагогтерді сертификациялау және дамытудың халықаралық бағдарламасына - Microsoft Innovative Education (MIE) сарапшылар қауымдастығына шақырады.

Қатысуға онлайн өтінімдер 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін қабылданады.

Microsoft үнемі ізденісте жүретін, дамитын және оқушылардың өмірін өзгерту үшін бірге жұмыс істейтін ынталы мектеп мұғалімдерінің қауымдастығын қолдайды. Microsoft MIE сарапшы-мұғалім бағдарламасы  бұл әлемдегі біртуар оқытушылар үшін ынталандыру бағдарламасы. Бағдарламаға қатысушылар заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолданады, оқу процесінің сапасын арттырады, оқушылардың жетістіктерін арттыру және әріптестерінің кәсіби дамуына жол ашады.

Біз оқыту мен білім беруге ​​құштар, оқушыларды шығармашылық ойларымен шабыттандыратын және әлемдік деңгейде тәжірибе алмасу үшін бірлесе жұмыс жасайтын мұғалім-мамандарды іздейміз.

Бағдарламаға қалай қатысуға болады?

Өзін-өзі ұсыну құралы жыл бойы ашық, бірақ ресми сайлау жыл сайын 15 шілдеге дейін өткізіліп, ал сертификатталған мұғалімдер тамыз айының соңында ресми түрде жарияланады. Барлық орта мектеп мұғалімдері қатыса алады.

Үміткерлерге үш қарапайым қадамдарды орындау қажет:

• 1-қадам:
Microsoft Educator мұғалімдер қауымдастығына кіріп, Educator Centre порталында сілтеме бойынша (https://education.microsoft.com/en-us/resource/1703c312) тіркеліп, профиліңізді толтырыңыз. Өзін-өзі ұсыну процесі кезінде үміткер өзінің жалпыға қол жетімді профилінің URL мекен-жайын жіберуі керек. Осы URL мекен-жайын білу үшін профильді өңдеу парақшасына өтіп, «Негізгі ақпараттар» бөлімін ашуы керек.
• 2-қадам:
2 сағаттық курстан өтіп, Microsoft Educator мұғалімдер қауымдастығындағы профиліңізден кемінде 1000 балл жинаңыз және MIE сертификатын алыңыз. Сіз MIE маманы болу (немесе қалу) үшін MIE-ден сертификатталған болуы керек.
3-қадам:
Sway презентациясын құрып (https://sway.office.com/) немесе екі минуттық бейнеролик әзірлеңіз, онымен өз номинацияңыз бойынша бөлісіңіз (бұған дейін сіз оны бөлісу үшін URL мекен-жайын құруға мүмкіндік беретін бейнероликті жариялауыңыз керек). Бейнежазбада төменде көрсетілген сұрақтарға жауап бере отырып, өтініш беруші шығармашылық түрде өзін Microsoft-тың сарапшы-педагогы ретінде таныстыруы керек.

Өзіңізді таныстыру бойынша сұрақтар:
 
Өзіңізді не себепті Microsoft сарапшы педагогы деп есептейсіз?
Microsoft технологияларын сыныпта қалай қолданатыңызды сипаттап беріңіз. Жаңашыл әдістеріңізді көрсететін материалдарды қосыңыз.
Егер сіз сарапшы-педагог болсаңыз, сіздің ойыңызша, бұл қазіргі қызметіңізге қандай әсер тигізеді?
 
Осы үш жеңіл қадамды орындау арқылы кандидат келесі сілтеме бойынша өзін-өзі Microsoft Innovative Education (MIE) Expert статусына ұсыну формасын толтыруға дайын болады: http://aka.ms/mienomination
 
Өтініштер 2020 жылғы 15 шілдеге дейін қабылданады.


Іріктеу және мерзімдері:
MIE сарапшыларын Microsoft аймақтық өкілі ұсынылған сауалнамадағы жауаптың сапасына қарай, инновация деңгейіне және Microsoft технологияларын оқыту қызметінде қолдану деңгейіне қарай, сонымен қатар бағдарламаға қатысу оқу процессіне қалай әсер ететінін қаншалықты егжей-тегжейлі сипаттағанына қарай іріктейді. 
Іріктеу нәтижелері 2020 жылғы 20 тамыздан кейін http://education.microsoft.com сайтында жарияланатын болады.
Біліктілікті арттыру және мансап бойынша жоғарылау, сондай-ақ кәсіби сертификаттау бағдарламаларына қатысу бойынша тағы да көптеген мүмкіндіктер:

  • Инновацияның қамту ауқымын кеңейту үшін әлемге танымал мұғалімдермен және мамандармен тәжірибе алмасу.
  • Халықаралық Microsoft вебинарларында сөз сөйлеу.
  • Microsoft өнімдерін жасап шығарушылармен бірге фокус-топтарға қатысу.
  • Тек шақыру бойынша кіруге болатын Microsoft арнайы іс-шараларына қатысу.
  • Жаңа өнімдердің бета-нұсқаларын тестілеу және бірқатар білім беру құралдарының алдын-ала шығарылымдарына қатысу. 
  • Өнім демонстрацияларында және іс-шараларда Microsoft өкілі болу.
  • Баяндамалар оқу, тренингтер өткізу және (немесе) коучинг және әріптестерді Microsoft Білім беру қауымдастығына қосылуға шақыру ақрылы өзге мұғалімдердің (мектепте, аймақта немесе оқу іс-шараларында) біліктілігін арттыур.
  • Бүкіл әлем бойынша новатор мұғалімдермен сәріктестік.
  • Оқу процессінде технологияларды қолдану мәселелері бойынша аймақтық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу. 

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі электрондық почта мекен-жайларына хабарласыңыз:

Алмас Молдаканов, Microsoft Қазақстан: a-almold@microsoft.com
Нұрлан Жәнібек, Microsoft Қазақстан: nurlan.zhanybek@microsoft.com