Минус 38 градус: ШҚО мектептерінде сабақ тоқтатылды

Минус 38 градус: ШҚО мектептерінде сабақ тоқтатылды

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында алтыншы желтоқсанда сабақ болмайды деп хабарлайы Устинка LIVE.

Бүгін ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты өңірдегі Зырян ауданында мектепке дейінгі мекемелерде және мектепте сабақтар тоқтатылды. Бұл аймақта таңертең ауа температурасы минус 38 градусты көрсеткен.

Сонымен қатар Риддер мен Шемонаиха оқушылары да мектепке бармайды. Мұнда ауа температурасы минус 30 аязды көрсетіп тұр.

Білім басқармасында Зырян ауданында сабақтар бірінші ауысымның бірінші және 11 сынып оқушыларына, ал Риддерде бірінші және төртінші сыныптарына, ал Шемонаихада бірінші және тоғызыншы сынып оқушылары болмайтынын ескерткен.

Дереккөз: kaz.nur.kz