Парламент Мәжілісінде «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мұғалімдерге қатысты материалдық емес ынталандыру шаралары қарастырылған. Бірінші кезекте балабақшадан орын беру мәселесі ескерілген.
Сонымен қатар, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатының жаңа түрін енгізу де бар», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Оның сөзіне қарағанда, әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру ұсынысы да назарға алынып отыр.
«Ауылдық жерде жұмыс істейтін мұғалімдерді еңбекақысын арттыру, «Үздік педагог», «ЖОО-ның үздік оқытушысы» гранттары сияқты қолданыстағы барлық әлеуметтік кепілдіктер де міндетті түрде заң жобасында сақталды», - деді А. Аймағамбетов.
Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында алдағы төрт жылда мұғалімдердің еңбекақысын екі есеге арттыру көзделгенін еске салды. Алдағы жылдан бастап педагогтардың жалақысы 25 пайызға өседі.
Толығырақ: inform.kz